ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫН ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛАЙЛЫ ҚҰРАЛ ОЙЛАП ТАПТЫ

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Жолбасшы елді мекенінің тұрғыны Ырысдәулет Тәңірбергенов 10 адамның жұмысын атқаруға қауқарлы қолмен тұқым егу құрылғысын ойлап тапты. Диқандардың уақыты мен шығынын үнемдейтін құрылғыны осыдан 5 жыл бұрын жасап шығып, қажетке жарата бастаған. Жобасы нәтиже көрсеткен соң жан-жақтан сұраныс түсе бастапты.
– Бұл құрылғы негізінен қырыққабат ұрығын жылыжайға егуге арналған. Ауданымыздың көпшілігі ерте көктемнен қырыққабат егуді әдетке айналдырған. Бұл жұмыстарға сұраныс қараша, желтоқсан айларында көбейеді. Құрылғымыз өте ыңғайлы. Бір дәннен артық жібермейді. Құрылғымыздың 4 түрі бар, ауқымына қарай тапсырыс қабылдай береміз, –дейді Ырысдәулет Тәңірбергенов.
Бүгінгі таңда егін шаруашылығымен айналысатын шаруалардың жұмысын жеңілдетуге арналған құрылғыға Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай аудандарынан сұраныс түскен.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.