«ТҮРКІСТАН — ҚЫЗЫЛЖАР — ҚОСТАНАЙ — КӨКШЕТАУ» АҚПАРАТТЫҚ ТУРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысының бір топ журналистері солтүстік өңірге сапар шекті. Басты мақсат — күнгейден солтүстікке көшіп барған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысу. Осы орайда, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Петропавл қаласында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Жүнісов, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұрашев Нұржанның қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.         Елбасы  Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап еліміздің жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан халықты өз еркімен қоныстандырып, оларға қажетті жағдай жасау жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңға  дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге  егін , мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар  ұсынылды. Көшіп- қонуға байланысты мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмектермен барған азаматтардың барлығы  қамтамасыз етілуде.

Аталмыш бағдарлама бойынша Түркістан облысынан қоныс аударушылар бағдарламаға қатысушылардың 60 пайызын құрауда.

Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдем ретінде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

1) көшуге материалдық көмек беруді,

2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;

3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беруді;

4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;

5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;

6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.

Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (88375 тенге)   мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.

Бағдарлама бастау алған сәттен бастап 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Түркістан облысынан 282 отбасы Солтүстік өңірлерге қоныс аударды.

Оның ішінде:

         -22 отбасы,92 адам  Қостанай облысына;

        — 46 отбасы, 90 адам Шығыс Қазақстан  облысына;

         -94 отбасы, 282 адам  Солтүстік Қазақстан облысына ;

         -44 отбасы, 219 адам Павлодар облысына көшіп барды.

Қоныс аударған 683 адамның 287-сі  еңбекке қабілетті болса,204 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 8 адам жеке кәсібін ашты. Ал қоныс аударған 75 тұрғын бала күтімімен айналысып, үй шаруасын  дөңгелетіп отыр.

       Халықты ынталандыру мақсатында облысымызға солтүстік өңірлерден арнайы өкілдер келіп, кезең- кезеңімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы 2018 жылға 8 топ, 151 жұмыс берушілер келсе, 2019 жылға 6 топ, 96 жұмыс берушілер облысымызда  болып, халыққа бағдарламаның тиімділіктерін түсіндірді.

        Аталған жұмыстарды жандандыру мақсатында Жетісай ауданында 2019 жылдың 24 мамырында республикамыздың Солтүстік облысынан келген жұмыс берушілердің қатысуымен «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңесі өткізілді.Аталған жәрмеңкеге 650 ден астам ниет білдіруші азаматтар қатысып, 3 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды.

        Сонымен қатар демеушілер есебінен 150-ге жуық ниет білдірушілер Солтүстік өңірлердің жерімен, тұрмыс- тіршілігімен танысып, өз көздерімен көріп  қайтты.

       Қазіргі таңда халықты солтүстік өңірлерге қоныс аудару жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асып, нәтижесінде облысымыздан қызығушылық тудырған тұрғындар саны артып, қоныс аударушылар көбеюде.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.