ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов 20-ға жуық тұрғынды қабылдап, өтініштері мен мәселелерін тыңдады. Тұрғындар білім, мәдениет, құқық қорғау және өзге де салаларға қатысты өтініштері жеткізді. Сонымен бірге жұмысқа орналасу мәселесі де қозғалды.
Қабылдауда Түркістан қаласының тұрғындары Ж.Алимов пен Б.Сыздықов тарихи мұраларды қорғау, киелі орындарды насихаттау бойынша ұсыныстарын жеткізді. Ал төлебилік тұрғын Біркөлік ауылына жаңа мектеп салу мәселесін көтерді. Оған мектеп құрылысына лайықты жер таңдалған соң бұл бағытта жұмыс жүретіні айтылды. Қабылдауда мектеп салу, жалақы және өзге де мәселелер бойынша түйткілдер сөз болды.
Әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысын тыңдаған Сәкен Қалқаманов сұрақтарға заң аясында жауап берді. Арыздар мен өтініштер назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.