ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШІМДІКСІЗ АУЫЛ САНЫ 30-ҒА ЖЕТТІ

Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде облыста 30-ға жуық ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан. Осы қатарға биыл Сайрам ауданындағы Ханқорған ауылы еніп отыр. Игі бастама — ауыл ақсақалдары мен ел ағаларының бастамаларымен қолға алынған. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Әліпов Ханқорған ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл жастарының салауатты өмір салтына деген қызығушылығы артқанын айтты. Жалпы Сайрам ауданы бойынша ішімдіксіз ауыл саны 10-ға жетіп отыр. Олардың қатарында Шіркін, Ошақты, Құрлық, Таскешу, Әсіларық, Сарыарық, Тоған, Теспе, Ханқорған, Құтарыс ауылдары бар.

Бұдан бөлек, Арыс қаласындағы — Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд, Бәйдібек ауданындағы — Түйетас, Жетісай ауданындағы — Алмалы, Келес ауданындағы – Шұқырсай, Мақташы, ал Мақтаарал ауданындағы – Табысты, Ордабасы ауданындағы — Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған ауылдары, сондай-ақ Отырар ауданындағы – Қарғалы, Сауран ауданындағы – Жүйнек, Шекербұлақ, Төлеби ауданындағы — Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл, Қазығұрт ауданындағы – Шарбұлақ ауылы ішімдіксіз ауылдардың қатарына қосылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.