ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨМІР ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Б.Полатбеков айтты.
– Облыс көлемінде көмір тапшылығы жоқ. Тұрғындардың көмірге қажеттілігі 658,4 мың тонна болса, бүгінде 598,7 мың тонна тасымалданды. Ал «Қазақстан Темір Жолы ҰҚ» АҚ ақпаратына сәйкес, жеке тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мақсатында облысқа Қарағанды облысынан күнделікті 20-30 вагон Шұбаркөл көмірі жеткізіледі. Сондай-ақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы ҰҚ» АҚ, кен орындарымен үздіксіз зуум арқылы жедел штаб отырысы өткізілуде, — деді Бауыржан Әнуарбекұлы.
Спикердің сөзінше, темір жол тұйығы бар елдімекендерде 1 тонна қатты отынның бағасы 14 600 – 18 500 теңге аралығында сатылуда. Темір жол тұйықтарында жалпы 6 500 тонна көмір қоры жинақталған.
Сонымен қатар, жалпы облыс көлемінде көмір отынының қажеттілігі 907,6 мың тонна болса, тасымалданғаны 807,2 мың тоннаны құраған. Оның ішінде, коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі — 249,2 мың тонна. Тасымалданғаны -207,7 мың тонна.
Айта кетейік, аудан, қала әкімдіктері көмірдің қолжетімділігі мен баға белгілеуін үнемі қадағалап отырады. Жылу беру маусымы облыс әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған.
Еске сала кетейік, көмір тапшылығы немесе бағасына байланысты кемшіліктерге шағымдар болған жағдайда 109 байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.