ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТАНЫҢ ТОННАСЫ 370 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді және Ливерпуль мақта биржасының индексіне сәйкес белгіленеді. Геосаяси жағдайларға байланысты көптеген логистикалар үзіліп, тасымалдау шығындары бірнеше есе өсті. Бұл мақта сатып алушы шетелдік компаниялардың Қазақстан нарығына қызығушылықтарын төмендетті.
Осыған байланысты, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, инвесторлармен келіссөздер жүргізілді.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспановтың мәлімдеуінше, өңірдегі екі серіктестік мақтаны қабылдау бекеттерінде шаруалардың көңілдеріне қонымды бағада қабылдап жатыр.
– Жетісай ауданында «Zhanassyl» ЖШС тауар өндірушілерден шитті мақта тоннасын 330 мың теңгеден қабылдауда. Сонымен қатар, 20 қазаннан бастап Ордабасы ауданында орналасқан «Нұр-Aгро 73» ЖШС шитті мақтаның тоннасын 370 мың теңгеден қабылдауды бастады. Биыл Түркістан облысында 126,3 мың га мақта дақылы егілген. Аталған аумақтан 330,3 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыстағы мақтаның 90 пайызы, яғни 293,5 мың тоннасы жиналған, — деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, мақта шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан көктемгі және күзгі дала жұмыстарына нарықтық бағадан 15-20% арзан бағамен 96 мың тонна жанар-жағар май бөлінген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.