ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРҒАНДАР ТІРКЕЛМЕДІ

Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясымен ауырғандар тіркелмеді.
Пандемия басталғалы індеттің 18 465 жағдайы тіркелді. Оның 9584-де симптом байқалмаған. Облыстағы инфекциялық стационарларда 900 төсек-орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда 774 төсек-орын бос.
Облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді. Бірінші компонентпен 1 047 304 адам вакцина салдырды. Ал екінші құрамды 1 045 287 адам қабылдады. Ревакцинацияны 423 234 адам алды.
Жалпы Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының І компонентін – 196 182 адам, II компонентін – 149 251 адам қабылдаған. 1 270 842 ПТР сынамасы алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 1266 адам тексеруден өткен.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.