ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысында биыл облыстық маңызы бар 612,7 шақырым жол мен 1 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда, ауа-райының қолайлы болуына байланысты жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталған. Мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан Ордабасы ауданындағы 2021 жылы басталған облыстық маңызы бар КХ-63 «Бадам-Шұбар-Аққойлы-Қызыләскер-Қарабұлақ-Түлкібас» автомобиль жолының 0-38 шақырым аралығына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аталған мердігер мекеме тарапынан Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-4 «Жамбыл-Шаян» бағытындағы ұзындығы 13,4 шақырымды құрайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Аталған жол қыркүйек айында толық аяқталып, пайдалануға беру жоспарланған.