ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМДЕРІ РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛДІ

Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округіндегі «Комилжон» шаруа қожалығы қырыққабаттың алғашқы өнімдерін Ресейге экспорттауда. Шаруа қожалыққа тиесілі 12 гектар жерге ақпан айында қырыққабаттың ерте пісетін «Пекин», «Магнус», «Зарисма» сорттары егілген болатын. 2 гектар алқапқа егілген «Пекин» қырыққабатының 80 мың түп көшетінен алынған өнім 80 тоннаны құрап отыр.
Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұртас Тұрсынбековтің айтуынша, биыл 900 гектар аумаққа қырыққабат егілген. Алдын-ала болжам бойынша 30 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Қырыққабаттың басым бөлігі Ресей, Беларусь және Еуропа елдеріне экспортталады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.