ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ ҰЯЛАРЫНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТТІ

Түркістан облысында еліміздегі карантинге байланысты биыл алғашқы рет соңғы қоңырау ерекше форматта, яғни қашықтықтан өтті. Ұстаздар мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін жыл сайынғы үрдіс келесі оқу жылдарының еншісіне қалдырылды. 

 

Түркістан облысы – түлектер саны ең көп аймақ. Биыл өңірімізде 24 658 бала алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады. 1541 түлек «Алтын белгіге», 1240-і «Үздік аттестатқа» үміткер.

 

Биылғы оқу жылында білім саласындағы жетістіктер жетерлік. 24 ұстаз ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен және 24 мұғалім «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. 3 мұғалім «Жылдың үздік педагогі» номинациясы бойынша марапатталып, оларға 1 млн теңге сыйақы тарту етілді.

 

Айта кетерлігі, соңғы үш жылда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Түркістан облысының мектеп түлектері еліміз бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Былтыр ҰБТ нәтижесімен республикада ең жоғары 140 балды жинаған Түркістан облысының түлегі болатын. Бүкіл әлемді дүрліктірген пандемияға байланысты білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер аясында облыс ұстаздары оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде қажырлы еңбек етуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.