ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ ТАУДА ЖОҒАЛҒАН 4 АЗАМАТТЫ ҚҰТҚАРДЫ

Түркістан облысы ТЖ департаментінің 112 байланыс пунктіне 22 мамыр күні сағат 11:00-де Сусіңген көлінен шығып, қайта оралмаған демалушылардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Төлеби ауданы, Қасқасу ауыл округі, Керегетас ауылынан 5 шақырым жердегі Наутсай шатқалына ТО ТЖД 17 құтқарушысы, кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 техника және Полиция департаментінің 4 және Ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылған.
Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің жедел әрекет етуімен Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі Құлыншақты таулы жерінен 4 жоғалған адам табылды. Жоғалған азаматтардың тұманда адасқаны белгілі болды. Азаматтардың барлығы дін аман, медициналық көмекті қажет етпеді.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды таулы аймақтарда бейтаныс жолмен жүрмеуге және сақ болуға шақырады!
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.