ТҮРКІСТАН: ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ ҚОРТЫНДЫЛАНДЫ

Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен келіп, бір аптадан астам уақыт бойы тұрғындармен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған болатын. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық қалаулыларымен кездесіп, өңірді дамыту бағытында пікірлесті. Өңір басшысы Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, мәселелерді де талқылады.
– Қазіргі таңда Түркістанды дамыту жоспарының екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Басым бөлігі – жеке инвестициялар. Демографиялық өсім жоғары. Сондықтан елімізде салынып жатқан мектептердің 25 пайыздайы Түркістан облысында бой көтеруде. Облыста инфрақұрылымды жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту, ағын су мәселесін шешу, су қоймаларды көбейту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Әр аудан, қаланың көрсеткіштерін сараптап, өзекті мәселелерін анықтап, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз, – деді Ө.Шөкеев.
  Кездесуде «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан, Қайнар Абасов және Сырым Ертаев жұмыс сапарларын қортындылады. Депутаттарға облыс тұрғындары негізінен әлеуметтік жағдай, тұрғын үй, жұмыссыздық, ағын су, ауыз су, жер телімдері, ауыл шаруашылығына арналған субсидия, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелерін қозғаған.
 «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, депутаттар 16 ақпаннан бері Түркістан облысының 17 аудан, қаласында жұмыс сапарымен болып, 136 ауыл, елді мекенде елмен жүздескен. Сонымен қатар 16 қоғамдық қабылдау өткізіп, облыс тұрғындарының 150-ден аса арыз-өтініштерін тыңдаған.
 Жүздесуде Мәжіліс депутаттары Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарды, Түркістан қаласындағы өзгерістерді жоғары бағалады. Өзекті түйткілдерді парламенттік деңгейде көтеріп, облысты дамыту жолында бірлесе жұмыс атқаратындарын жеткізді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.