ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЖАСТАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Сайрам ауданы қорғаныс істері бөлімінде «Айбынды жастар – Қазақстанның тірегі» патриоттық акциясы аясында Қарулы Күштер қатарына шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Әскери оркестрдің қолдауымен тағы 8 әскерге шақырылушы қызмет орындарына аттанды.
Іс-шараға Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жеке құрамы, Сайрам ауданы әкімдігінің өкілдері, ардагерлер, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері мен әскерге шақырылушылардың ата-аналары қатысты.
Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Ғалымжан Балғынбаев аудандағы ер-азаматтар арасында әскерге баруға деген ұмтылыс бар екенін, күзгі әскерге шақыру науқаны аясында бүгінгі таңда Сайрам ауданынан 90-ға жуық азамат шақырылғанын атап өтті. Ал көктемгі әскерге шақыру қорытындысы бойынша Сайрам ауданы жоспарды 13 пайызға асыра орындап, 200-ге жуық азамат мерзімді әскери қызметке жіберілген.
Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаев, Сайрам ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бастығы Қайратбек Жаналиев және ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназаров әскерге аттанып жатқан жігіттерге абыроймен қызмет етулерін тіледі.
Іс-шара соңында Сайрам ауданының мәдениет үйінің өнерпаздар ұжымы әскерге шақырылушыларға арналған концерттік бағдарламасын тарту етті, сонымен бірге болашақ сарбаздарға арналған естелік сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.