ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТЕГІН ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жағдайы төмен отбасыларды тегін киім-кешекпен қамтитын әлеуметтік дүкен ашылып, қазіргі таңда қызу жұмысқа кіріскен. Әлеуметтік дүкеннің негізгі мақсаты – тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларға қолдау көрсету, көмек қолын созу.
«Жария» әлеуметтік дүкені апта бойы таңғы 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Дүкен ашылғалы бері 150 адамға 700 тегін киім мен аяқ киім берілген. Оның ішінде 100 адам Сарыағаш қаласының тұрғындары болса, 47 – адам ауыл тұрғындары. Ал 3 адам басқа ауданнан келіп, көмекке ие болған. Аталған дүкенге аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов арнайы барып танысып қайтты.
– Алдағы уақытта Құркелес, Қапланбек, Жібек жолы, Дербісек ауылдық округтерінде тегін ғимарат тауып беру арқылы әлеуметтік дүкен ашуды қолға алу жоспарлануда, – дейді ол.
Бұған дейін алғашқы болып «Жария» әлеуметтік дүкенін Жартытөбе ауылында жеке кәсіпкер А.Исабаев ашқан болатын. Осы уақытқа дейін ашылған дүкенге 1000 мұқтаж отбасы келіп, 3000 киіммен қамтамасыз етілген. Дүкенді тауармен қамтамасыз етуге «Жария» қайырымдылық қоры мен жекелеген адамдар үлес қосуда. Қарапайым халықтың игілігі үшін ашылған дүкенге жергілікті тұрғындар дән риза.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.