ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫ АЖАРЛАНЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысы, Сауран ауданында көгалдандыру-абаттандыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Ауданды жасыл желекке орау бастамасы саурандық тұрғындар тарапынан қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері аудан аумағына 4415 дана көшет егілген. Биылғы жылдың қараша айында «Жасыл Аймақ» КММ-нен 4400 дана үйеңкі (клён) ағаш көшеттері тасымалданып, ал Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орманды елдімекенінде орналасқан «Сырдария – Түркістан» МӨТП тұқымбағынан 115 дана катальпа ағашы үлестіріліп, егілді. Бүгінгі таңда тасымалданған көшеттер тиісті мекемелерге таратылып, толығымен отырғызылды.
Бұдан өзге, Шорнақ елді мекеніндегі С.Тоймахан көшесі мен Ы.Алтынсарин көшелеренің қиылысына сквер салу. Сауран ауданы Аша, Майдантал, Достық, Қызылжол, Шорнақ, Қожанов елдімекендеріне воркаут, балалар алаңын, футбол алаңын орнату. Шорнақ елдімекеніне Сауран аллеясы, Шорнақ елдімекені кіре беріс Стелла құрылысын салу, Шорнақ елдімекеніндегі көпірді абаттандыру, Шорнақ елдімекеніне LED – экран орнату, Шорнақ ауылдық округіндегі үйлерге QR – код орнату жоспарланып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.