ТҮРКІСТАН: САУРАНДА САПАР ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНУДА

Түркістан облысы Сауран ауданындағы Жүсіп ата кесенесінде сапар орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба Ескі Иқан ауылдық округі кәсіпкерлерінің бастамасымен қолға алынған. Қазіргі таңда нысан құрылысымен қатар орталық маңын абаттандыру ісі де қарқынды.
Ғимарат аумағында қонақтарға арналған демалыс орындары мен арнайы автотұрақ бар. Сондай-ақ, кешеннің әкімшілік ғимараты, «Жүсіп ата» тарихы және «Өңір тарихы» музейі орналасады.
Сапар орталығында кітаптар мен ауыл тарихын көрсететін мәліметтер, суреттер қоры жиналуда. Былтыр сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта Жүсіп ата кесенесін Түркістан өңірінің туристік маршрутына енетін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.