ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 14 МЫҢНАН АСА КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Түркістан облысы, Созақ ауданында демеушілер есебінен Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының екі шетінен 3 гектар жер телімі, шарбақтармен қоршалып, 3500 түп көшет отырғызылды. Аталған көгалдандыру аймағына политэлен құбырымен тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген.
Аудан, қалалардың аумағын көгалдандыру мақсатында облыстық табиғи ресуртар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан бекітілген іс-шара бойынша Созақ ауданына биыл 13 500 түп көшет отырғызу көзделген. Көктем, күз айларында аудан аумағындағы әлеуметтік нысандардың аулаларына, саябақтар мен жол жиектеріне 14260 түп көшет егілді.
Айта кетсек, Созақ ауданының аумағын көркейту, көгалдандыру мақсатында көшет отырғызу күз айларында жүргізіліп, көктемде жалғасын табатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.