ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ҚАРҚЫНДЫ
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында дүниежүзіндегі 30 дамыған елдің қатарына қосылудың басым бағыттарының бірі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды тапсырған болатын. Осыған орай, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында аудан аумағында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, өткен жылы аудан әкімдігінің жанынан заман талабына сай мемлекеттік қызметтің 95 түрі бір терезе қағидасы арқылы қызмет көрсететін «Халықтық кеңсе» ашылды. Кеңседе әкімдіктің әр саласының мамандары келген тұрғындарға кеңес беріп, қажетті құжаттарын рәсімдеуге әдістемелік көмек береді.
Түлкібас ауданыңда қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 33 фото-бейнежазба құрылғылары орнатылған.
Сонымен қатар, Түлкібас ауданы бойынша 14 ауылдық округтегі елді-мекендерде санитарлық-тазалық жұмыстарына аудандық мәслихаттың сессиясында бекітілген тариф бойынша абонентік төлемақыны онтайландыру «24 касса» терминал жүйесі арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Терминалдар халық көп шоғырланатын жерлерге орналастырылып отыр.
Сондай-ақ, аудандық ауруханада науқастардың кезекте тұруын реттеу мақсатында емханаға POST-терминал орнатылып, дәліздеріне қосымша 3 монитор қойылды. Ал, электр қуатын тиімді пайдалану және үнемдеу мақсатында, соңғы технологияларға сүйене отырып, аудан аумағындағы «Тұнғыш Президент» саябағы, Түркібас әулие, Балалар алаңшаларына жалпы саны 34 күн көзінен қуат алатын ақылды шамдар орнатылды.
«Цифрлы Қазақтан» бағдарламасы аясында аудан мектептерін Wi-Fi желісімен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, максималды жылдамдықтағы 50 дана Wi-fi роутерлермен аудандық білім ошақтары жабдықталды.
Бұдан басқа Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округінде орналасқан «Түлкібас автобус паркі» ЖШС-да ауданішілік бағыттарға 18 шағын автобуспен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді. Барлық жолаушылар тасымалдау бағыттар желісі 11 бағыттан тұрады. 18 шағын автокөліктің 12-сіне GPS құрылғылары орнатылған. Сонымен қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға орталық көшеден өтугеыңғайлы болу үшін аудан орталығы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көше бойына дыбысты 2 бағдаршам орнатылды.
Айта кетейік, өткен жылы Түлкібас ауданындағы елді-мекендердегі жаңадан ашылған көшелердегі тұрғын үйлерге 14 шақырым СИП кабелі тартылып, 632 дана СЕ101 маркалы электронды есептегіш құралдары орнатылды.