ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы бастаған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тамабек Әбілхайыр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Дауылбаев Еркебұлан және аталған министрліктердің өкілдері мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Бекмағанбетов Досбол арнайы келіп, шаруа қожалықтары төрағаларымен кездесті.
Кездесу барысында аталған саладағы өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. Тарқатып айтсақ, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көкейінде жүрген ағын су, жайылым жердің аздығы, мемлекеттен жеңілдетілген несие алу, жаңа жұмыс орындарын ашу, әр округтен көкөніс қоймаларын салу, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, субсидия мен тыңайтқыш мәселесі айтылды.
Жауапты министрлік, комитет өкілдері және Парламент депутаты шаруалар көтерген әрбір мәселе назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатының жеткізіп, сауалдарына заң талаптарына сай жауап берді. Сонымен қатар Құдайберген Ержан бүгінгі таңда Парламент қабырғасында ауыл шаруашылығы саласын ілгерілету бойынша қабылданғалы жатқан Заң жобаларымен бөлісті.
Түркістан обылыс әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.