Түркістан түрлене түсуде
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осы жылдың басында Түркістанға жасаған жұмыс
сапары барысында жаңа шағын ауданның құрылысының сапалы әрі мерзімді жүргізілуіне мән беруді тапсырған болатын. Өңір басшысының тапсырмасын тағы бір пысықтап шыққан қала әкімі әрқайсысы 60 пәтерлік 8үйден бөлек биыл мұнда тағы да 6 үйдің құрылысы бас талатынын айтып берді. «Келер жылы мұнда 20 көпқабатты тұрғын үй салынса, одан бөлек 150 коттедж бой түзейтін болады. Мұнда қоныстанған отбасылардың балалары үшін қазіргі күнде балабақша, мектеп мәселесі туындап отыр. Біз мәселенің түйінін мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында шешуді жоспарлап отырмыз», деді Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев.
Сондай-ақ таяу күндері «Отырар» шағын ауданынан 280 орындық бала-бақша құрылысы басталатын көрінеді. Ал келер жылы жаңа мектеп
ғимаратын салу жоспарланыпты. Бұл құрылыстардан басқа осы шағын ауданда 200 орындық балаларға арналған психологиялық түзету орталығы да бой көтермекші. Қаланың әкімшілік іскерлік орталығын да қаланың осы шығыс бөлігіне салу ойластырылыпты.
«Қазақстан жолы» ақпарат