ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДА

Түркістан облысы, Жетісай ауданында ағаш егу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.  Осы жылдың қараша айында Жетісай ауданы «Шардара орман» МКК-сінен 1764 дана және «Бадам орман және жануарлар әлемін қоғау жөніндегі» КММ-нан 5000 дана көшет әкелінді. Мұнда  қарағаш  – 1264 дана, үйеңкі – 500 дана, қарағаш– 150 дана, туя –150 дана, емен – 300 дана, верба – 250 дана, терек – 410 дана, үйеңкі – 1000 дана, ясин – 1000 дана, айлант – 740 дана және 1000 дана қаратал бар.
Жалпы, Жетісай ауданы бойынша қараша, желтоқсан айларында көшеттерді отырғызуға 4 техника және 234 адам жұмылдырылып, 6764 түп көшет отырғызылды. Ал қалған 400 түп көшет «Жетісай қызмет» МКК-сінде тұр. Алдағы  уақытта көшет отырғызу жұмыстары жалғасатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.