ТҮРКІСТАНДА 100-ДЕН АСТАМ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

Түркістан қаласында жалпы аумағы 250 мың шаршы метрден асатын 100-ден астам көпқабатты тұрғын үйлер салынады. Атап айтқанда, 9 қабатты 36 үй, 7 қабатты 40 үй және 5 қабатты 20 несиелік тұрғын үй бой көтереді. Сонымен қатар «Жаңа қала» аймағында инвесторлар есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмақ. Облыс орталығындағы жаңа жобалар жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды.
Көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті дайын фиброцементті тақтайшалармен қапталады. Облыс әкімі әр нысанның нақты кестесін бекітіп, жұмыс барысын, сапаға басты назар аударды қатаң тапсырды. Балаларға арналған алаңқайлардың қауіпсіздігін назарда ұстап, абаттындыруға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізу туралы тапсырма берді. Отандық құрылыс материалдарына басымдық беруді міндеттеді.
Сондай-ақ облыс басшысына салынып жатқан жаңа ғимараттардың қасбеттері бойынша бірнеше жоба ұсынылды. Әкім «Достық үйі» мен «Мұз сарайы» ғимаратары бойынша бірқатар өзгерістер енгізуді тапсырды.
Түркістандағы арнайы экономикалық аймағына бірқатар танымал сауда брендтері орналасатын болады. Солардың бірі – KFC франшизасы. Келер жылы құрылысы басталатын кешен қаладағы Саттарханов көшесінің бойынан бой көтереді. Жаңа мейрамханада 100-ге жуық жұмыс орны ашылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.