ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТЫП, 810 МЫҢ ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Биыл Түркістан облысында құрылыс қарқыны артқан. Облыстық құрылыс басқармасы тарапынан 2022 жылы 349 бюджеттік жобаны іске асыру жоспарланған. Жыл қорытындысымен 107 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланған, қалғаны келесі жылға өтпелі.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2022 жылы 855 мың ш.м. тұрғын үй беру жоспарланып, 11 айының қорытындысымен облыс бойынша 811,6 мың ш.м. (6811 пәтер) тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 136,7% орындалды. Сонымен қатар «Құрылыс көлемінің нақты индексі бойынша» 2022 жылдың қорытындысымен 102% немесе 329,3 млрд. теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау көзделген. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы 11 айдың қорытындысымен 102,0% орындалып, 269,1 млрд. теңгені құрады.
Өңірде білім беру саласында 20,9 млрд. теңгеге 51 нысанның (13 000 оқушыға арналған) құрылысы жүргізілуде. Оның 22-і пайдалануға тапсырылады (бүгінгі таңда 14 мектеп тапсырылды), қалғаны 2023 жылға өтпелі.
Денсаулық сақтау саласында 2,8 млрд. теңгеге 20 нысан іске асырылуда. Оның 4-еуі тапсырылды. Атап айтсақ, Шардарада 150 келушіге арналған емхана, Түркістан қаласында жедел жәрдем станциясы, Ордабасы ауданында 2 ФАП пайдалануға тапсырылды, қалғаны 2023 жылға өтпелі;
Мәдениет саласы бойынша 14 нысанның құрылысына 2,2 млрд. теңге бөлінген, нысандар 2023 жылға өтпелі. Инженерлік инфрақұрылым және абаттандыру бойынша 34,8 млрд. теңгеге 110 нысанның құрылысы жоспарланған, биыл 18-і тапсырылады. Спорт саласында 13,8 млрд. теңгеге 12 нысан іске асырылып жатыр.
Туризм саласында 2 нысанның, әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 1 нысанның, ауыл шаруашылығы саласында 4 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Тұрғын үй құрылысына 35,9 млрд. теңге бөлініп, аталған қаржыға 129 үй немесе 7928 пәтер салынуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.