ТҮРКІСТАНДА ЖАСЫ ЖҮЗДІ ЕҢСЕРГЕН 6 АНА БАР

Түркістан қаласында 100-ді еңсергін 6 ана бар. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Құлбайымбетов 102 жасқа толған Қызсұлу Нұрханова мен 100 жастың жотасына шыққан Әшіркүл Бимаханбетованың шаңырағында болып, мерекелік лебіздерін білдірді.
Қызсұлу әже дүниеге 13 перзент әкелген алтын құрсақты ана. Мерекесімен құттықтап, 75-ке келген ұлы да келіпті. 40-шақты немеренің үлкені 50-ден асқан. Бүгінде әжесін алақанында аялап отырған шөберенің өзі 30-ды еңсеріп үлгеріпті.
Әшіркүл ана да шаһар басшысына ақ батасын беріп, заманның тыныштығын, ұрпақтың амандығын тіледі.
Шаһар басшысы, сонымен бірге Түркістан қаласының дамуына үлес қосып жүрген бір топ аналар мен қыз-келіншекке құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.