ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

Жуырда Алматы қаласында бокстан 2003-2004 жылы туған жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Былғары қолғап шеберлері жарысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстан 200-ден астам спортшы қолғап түйістірді.

   Шаршы алаңдағы сайыста Түркістан облысының құрама командасынан 14 спортшы бақ сынап, екеуі алтыннан алқа тақты. Ел біріншілігінде «Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» дарынды спортшысы Абдикарим Абдығалым 56 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, жеңімпаз болды. Жеңімпаз атанған жас боксшылар сәуір айында Польша мемлекетінде өтетін кезекті əлем чемпионатына жолдама алды.

   Сондай-ақ, Сапарбай Даниял +91 келі салмақта өнер көрсетіп, чемпион атанды. Ал 60 келіде сынға түскен Сағын Арман мен Түркістан облысының басты үміті Роман Данир +91 кг салмақта қола медальды місе тұтты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.