ТҮРКІСТАНҒА КЕЛУШІЛЕР САНЫ 4 АЙДА 180 МЫҢҒА ЖЕТТІ

Түркістан облысында туризм саласындағы көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Шектеулер мен карантиндік шараларға қарамастан, 2021 жылы туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі 3.85 млрд. теңгені құрады және 2019 жылмен салыстырғанда 209%-ға өсті. Осы саладағы жұмыстар мен алдағы жоспарлар облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды.
Облыстық туризм басқармасының басшысы Г.Ақбердиеваның айтуынша, Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, өңірде ішкі және сыртқы туризмді дамыту, келушілер мен туристер санын арттыру, салаға инвестиция тарту және өзге де міндеттер жүктелген. Бұл бағытта Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс атқарылып, жақсы көрсеткіштерге қол жетіп отыр. Алға орындалуы тиіс міндеттер мен тапсырмалар және жоспарлар да аз емес. Ел Үкіметі тарапынан 2022 жылы Түркістан облысына келетін ішкі туристер санын 261000 мың адамнан асыру, шетелдік туристер санын 7200-ден асыру, келушілер санын 1 млн. 300 мың адамға дейін жеткізу міндеті жүктелген. Қазір тиісті жұмыс жүріп жатыр.
Облыс әкімінің тапсырмасына байланысты Түркістанда мереке күндері «Керуен сарайда» атаулы іс-шаралар ұйымдастырылып, республикамыз бен шет елдің танымал әншілері өнер көрсетіп келеді. Жыл соңына дейін әншілер мен жұлдызды топтардың қатысуымен 17 іс-шара ұйымдастырылмақ. ҚР Үкіметімен бекітілген «Халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі кешенді жоспарға» сәйкес «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ тарапынан 25 іс-шараны өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта туризм басқармасы «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы және «Керуен сараймен» іс-шаралар тізбесін пысықтап жатыр. Іс-шаралар тамыз айында басталады деген жоспар бар.
Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту есебінен «Керуен сарайға» келетін туристер мен қонақтар ағыны артты. 4 айдың қорытындысы бойынша «Әзірет Сұлтанға» келушілер саны 180 мыңға жуық адамды құрады. Осы арқылы өңірдегі санаторилерге келушілер де көбейді. Мереке күндері қонақ үйлердің нөмірлік қоры толықтай сатылды, наурыз және сәуір айларында қонақүйлердің орташа жүктемесі 41%-ға жетті, республика бойынша орташа жылдық жүктеме 20%-ды құрайды. Туристік сала кәсіпкерлерімен байланыс күшейіп, туристік нысандарды әлеуметтік желілерде насихаттау күшейген. Алматы облысының «Лимон» туристік операторы бір-екі күндік шығу турын ұйымдастырады, аптасына екі рет 50 адамнан келеді. «Визит Туркестан» туроператоры наурыз және сәуір айларында қала бойынша 300-ден астам экскурсия өткізген.
Өңір басшысы туристік инфрақұрылымды жақсарту, саладағы жұмысты одан сайын күшейте түсуді тапсырды. Өзекті мәселелерін шешу бойынша тапсырма берді.
Түркістанда көгалдандыру жұмыстары құрылыспен қатар жүріп жатыр. Шаһардағы саябақтар мен гүлзарлар аумағы 500 гектарға жетеді. Ағаш пен бұталар саны 1 миллионнан асады. Көгал аумағы – 3 млн. шаршы метр. 70 мың шаршы метр жерге гүл егілген. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық жиналыста Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау, ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі және секторларды көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың баяндауынша, жоспар бойынша биыл қала аумағында 250 мың ағаш көшеті мен 128 га көгал егілетін болады.
Түркістанды көркейтіп, абаттандыру аясында қала секторларға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Қаланы көркейту бір үлгіде жүзеге асуда. Түркістан облысының барлық аудан, қалалары бірігіп, Түркістан аумағын көркейтуде. Газон төселіп, көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтар орнатылған. Кешенді жұмыс барысы облыс әкімінің тікелей бақылауында. Биыл көктемде 100 мыңнан астам түп көшет отырғызылып, 130 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Секторлар қала меншігіне өтіп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.