Тұрмыс құруға уақыт жоқ: Астаналық ана болуына “көмектесетін” ер адам іздеп жүр
32 жастағы әйел мансап жолын қуғандықтан, тұрмыс құруға, жар іздеуге уақыты жоғын айтады. Ол мансапта өсуді қалайды.
«Мен де үлкен отбасы құруды армандағам. Талай жігітпен кездестім. Бірақ отбасы құрмадық. Уақытым өтіп жатыр. Сондықтан өмірге бала әкелу керек», – дейді келіншек.
Ол мансап жолынан бас тартпайды. Сондықтан жар іздеп жүруге ниеті де, уақыты да жоқ. Тек отбасылы ер адамдан бала босанғысы келеді, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz» сайтына сілтеме жасап, Stan.kz.
«Өзім араласатын таныс ер адамға осындай ұсыныс айттым. Жасы 35-те. Өзі отбасылы, балалары бар. Оны менің баламды асырауға міндеттемеймін. Маған тек әке болатын ер адам керек», – дейді ол.
Әйелдің айтуынша, отбасылы ер адамдардың артық жүрісі болмайды. Сондықтан таза келеді. Ешқандай дерт жұқпайды. Төсекте тәжірибесі бар.
«Бұл кейбіреуге ерсі көрінуі мүмкін. Бірақ менде басқа амал жоқ», – дейді келіншек.
Желіде дәл осылай бала босанатын ер адам іздеуші келіншектер көп. Олардың жасы 30-35 аралығында.