ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

Қоғамда көбіне аға буын өкілдері өзінен кейінгі ортаға көңілі толмайтынын айтып жатады. Мұндай көзқарас қай кезеңде де болған, бола береді. Алайда, мен әрбір іскер азаматты өз дәуіріндегі өзгеріске қарай бағалағанды жөн санаймын.

Бүгінгі Шымкент қаласы әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының қайта тағайындалғаны қуантып отыр. Себебі, ол Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ғана басты назарда ұстамай, үшінші қала атауына сай болуы үшін инфрақұрылымына да басымдық берді. Әсіресе, шаһардың келешегін ойлап, күре жолдарды кеңейтіп, кептелісті азайту мақсатында ірі жобаларды қолға алды. Ашық алаңқайға ғимарат немесе жол салу әркімнің-ақ қолынан келетін іс. Алайда, тұрғындар тығыз орналасқан аумақтың өзінен амалын тауып, іс бастау оның іскерлік келбетін көрсетеді. Мәселен, Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов қиылысындағы жолайрық бүгінде күре жолың екінші тынысын ашты. Қонаев даңғылының Түркістан көшесінен ары қарайғы бөлігі ескі қаланың қозғалысын мегаполиске бейімдемек. Ал, Бәйдібек би мен Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қалаға қосылған елді мекендермен байланысты нығайтып, қозғалыс еркіндігіне мүмкіндік бермек. Одан өзге, ұзақ жылдар бойы экологтар дабыл қаққан кәріз жүйесінің құрылысы да жанданып, қаланың шалғайдағы шағын аудандарында құрылыс қарқын алған. Бұл — жерасты суларын сақтаудың бірден бір жолы. Әлі де М.Әйтеновтың бастаған істі тындырымды аяқтап, жаңа бастамаларға мұрындық болатынына сенім мол.

Дархан ҚАЮПОВ, зейнеткер-ардагер

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.