ҮГІТ-НАСИХАТ ТОПТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдауға арналған Түркістан облыстық Қоғамдық штабының, кандидат сенім білдірген үгіт-насихат тобының мүшелері сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында Сайрам ауданындағы «Балақай» сауда орталығының қызметкерлерімен экспром-кездесуі өткізді.

Кездесуде аудандық мәслихат депутаты С.Сұлтанов Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарды атап өтті. Сонымен қатар, үгіт-насихат тобының мүшесі С.Даванова Қ.Тоқаевтың «Барша халықтың әл-ауқатын арттыру шенеуніктердің басты бағдарына айналады. Олардың кәсіби қызметі сол арқылы өлшенеді. Өйткені, бұл – біздің жалпыұлттық мақсатымыз. Басшылардың айтқаны заң деген ұғым келмеске кетеді. Бірінші орында халықтың және мемлекеттің мүддесі тұруы керек» — деген сөзін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдер аудандағы «Нұрым-Груп» ЖШС мекемесінің жұмысшыларымен кездесті. Бұл кездесуге облыстық штаб төрағасының орынбасары Уалихан Қайназаров, облыстық штаб мүшелері Бадриддин Нишанкулов, Розақұл Халмурадов және аудандық штаб мүшесі Самат Сапарбаев қатысып, мемлекеттік қолдаудың аясында ел көлемінде жүзеге асып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Кездесу барысында елдің дамуында қарапайым еңбек адамдарының рөлі маңызды екендігі айтылып, олардың еңбегі өлшеусіз екендігі баяндалды.

— Қазіргі таңда еңбек адамы — әлеуметтік құрылымдардың ең басты да маңызды бөлшегіне айналып отыр. Қарапайым жұмысшы мен еңбекқордың мәртебесін көтеруге, оларды ел арасында насихаттауға басымдық беру жайлы көптеп айтып жүрміз. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың да ең негізгі тұжырымдамасы болып отыр, — деді Уалихан Қайназаров.

Одан бөлек, Розақұл Халмурадов ел экономикасын дамыту жолында «Нұрым-Груп» ЖШС мекемесінің еңбек ұжымы ерен еңбек етіп келе жатқанын айтып, Қазақстан үшін дауыс беруге шақырды.

Ал, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Ж.Тоқаевтың Арыс қаласындағы сенімді өкілдері «Теміржол-Су» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кандидаттың әділдік және өрлеу қағидаттарына тоқталды. Мемлекет басшысының алдағы жеті жылға жоспарлаған стратегиялары Қазақстанды дамытуды көздейтінін жеткізді.

Өз кезегінде мекеме қызметкерлері пікірлерін білдіріп, алдағы сайлауға бір кісідей атсалысатындықтарын жеткізді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.