Ұлттық валюта бағамы долларына 341 теңгеге жуықтады
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 5 қыркүйектегі таңғы саудасында 340,80 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін, 4 қыркүйектегі күндізгі сессияда доллар бағамы 338,94 теңге болған еді. 5 қыркүйектегі таңғы сауданың бірінші келісімі 339,01 теңгемен өтті. Минималдық құны да осы болды, ал максималдық құны 340,98 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 160,25 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 340,8-342 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақытымен сағат 11.05-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,20 доллар болды.