Үндістандағы діндер
Үндістан халықтары үнділердің үш құдайы: Брахма, Вишну және Шиваға табынады. Брахма — дүниенің жаратушысы, Вишну — бейбітшілік сақтаушы, Шива — күйретуші және қайта құру құдайы. Шива мен Вишну өте жоғары құрметке ие болып, оларға арнап храмдар тұрғызылады, құрбандықтар шалынады.
Киелі нәрсеге табынушылықтың ізі күні бүгінге дейін сақталған. Үнділер Ганг өзенін, жануарлардан — сиырды, өсімдіктерден лотосты киелі деп санайды. Діннің дамуы IV-VII ғасырларда Үндістанда будда діні дамыды. Діннің негізгі қағидасы мистикалық негізде құрылған. Буддизм бойынша, адам өлгеннен кейін жаны басқа адамға — жануар, жәндік, өсімдікке ауысады, о дүниеде өмір бар, күнәһар адам құдай алдында жауапты. Буддизм Үндістаннан Азияның көптеген елдеріне тараған. Қазіргі кезде Қытай, Жапония, Монғолия және Бурят, Саха елдерінде жалғасуда.
VIII ғасырда Үндістанды арабтар жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғол империясы ислам дінін енгізеді. Ислам діні кең тарап, шаруалар, қолөнершілер жаңа дінді кабылдайды. Қазіргі заманда да Үндістанда буддизм, христиан және ислам діндері кеңінен тараған.
V-VII ғасырларда үнді философиясы дамыды. Оның көрнекті өкілдері — Нагарджун, Джаймини, Васубандху. Олар идеалистік көзқарас ұстанды. Шебер құрылысшылар тамаша сарайлар мен храмдар салды. Үнді мүсіндерінің ішіндегі көрнектілері — әртүрлі құдайлар мүсіндері. VI-XVII ғасырларда үнді сәулетшілері мен құрылысшылары көптеген сәулетті сарайлар тұрғызды. Олардың ішінде тау өңірінде салынған Аджант сарайының орны ерекше. Аджант сарайы тастан қашап салынып, ішіне сол кездегі дін уағыздарын бейнелейтін көптеген құдай мүсіндері орналастырылған. Үндістан сәулетшілерінің әлемдік деңгейде салынған Тәж-Махал кесенесі күні бүгінге дейін таңғажайып әсемдігімен таңғалдыруда.