Үшінші мегаполисте «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасы іске асырылуда.

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Шымкент қаласының прокуроры айтты. «Қала прокуратурасы жергілікті қылмыстық қудалау мен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда. Алаяқтық қылмыстарымен күрес шараларының нәтижесінде қаламызда бұл қылмыстың тіркелу көрсеткіші төмендеді.

Қоғамды мазалап жүрген қылмыстың түрі ол — алаяқтық. Бұл құбылыспен күресу тез арада ұйымдастыру шараларын қолдануды талап етті. Жыл басында қала әкімімен бірге осы мәселені шешу үшін «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» атты жобаны іске асыруға кірістік.

Кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауды, түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін ескертемін. Бірінші мақсатымыз қылмысты азайту мен оны тез арада ашу. Ол үшін заманауи технологияларды енгіздік. Сонымен қатар адамдардың сауаттылығын арттыру үшін арнайы кітап әзірледік. Өкінішке орай әлі де болса кейбір адамдар тез табыс табуға асығып, алаяқтардың құрбаны болуда.

Себебі алаяқтар телефон және интернет арқылы қоңырау шалғанда, адамдар оны тексермейді, сөздеріне сеніп мәліметтерін бере салады (СМС код). Кейбір жағдайларда жұмысқа орналасу үшін алаяқтарға ақша беріп, пара берумен тең әрекеттерге барады. Жалпы Жобаның нәтижесі бар. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», — деді қала прокуроры.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.