ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүкілхалықтық референдум бойынша түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табуда. Бүгін «AMANAT» партиясының Республикалық штаб мүшесі И.Хашимжанов, Шымкент қалалық партиялық штаб мүшелері Е.Бертаев, Б.Қуанышбеков Абай ауданында орналасқан Әлия Молдағұлова атындағы №29 мектеп ұжымымен кездесу өткізді. Жиынд алдағы күндері өтетін референдумның маңызы мен тәртібі туралы білім ордасының ұстаздарына мәлімет ұсынды.

Кездесу барысында ҚР қолданыстағы Конституциясының 33 бабына өзгертулер мен түзету енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәселен, алдағы уақытта саяси партияны тіркеу үшін қолдаушылар санын 5 мың адамға дейін қысқарту, сайлау жүйесіне енетін өзгерістер, Мәжілістің өкілеттігін арттыру, Конституциялық сот құру және өзге де өзгерістер туралы сөз қозғалды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.