ЫНТЫМАҚ КӨШЕСІНЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жыл басында халықпен  кездесуінде

Бадам-1 тұрғын алабының тұрғындары Ынтымақ көшесін асфальттауды сұраған болатын. Халықтың өтініші орындалып, жол құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі таңда Ынтымақ көшесін асфальттау жұмыстары аяқталуға таяу. Мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС-і ұзындығы 1 шақырымды құрайтын көшеге орташа жөндеу  жұмыстарын жүргізіп, асфальт  төсеуде.

Бадамықтар  жол жөндеу жұмыстарына ризашылықтарын білдірді. Тұрғындардың өтініштерін басты назарда ұстай отырып, қала аумағында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасатын болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.