ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯМЕН

Бүкілхалықтық референдумның өтуіне екі аптаның жүзі қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың міндеті. Осы орайда референдумды қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелері еліміздің барлық өңірінде түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.

Үшінші мегаполисте де бұл шаралар қарқын алды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Референдумды қолдау жөніндегі республикалық штабтың мүшесі Максим Рожин, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаев, Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, және Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова «Бадам 1» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.

— Өздеріңіз білесіздер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған түбегейлі реформалар қолға алынып жатыр. Осы орайда Ата Заңымыздың 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Сәйкесінше, Президент конституциялық реформаны республикалық референдум өткізу арқылы жүзеге асыруды ұсынды. Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы өз пікірін білдіруге құқылы екені заңда көрсетілген, — деді Максим Рожин.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.