ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ЖАҢА СЕРПІНМЕН

Барлығымыз білетіндей, мемлекетіміздің президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің дамып, жаңашылдыққа ұмтылып, конституциямызға өзгерістер енгізу бағытында реформалық саясатты қайта қалыптастыру бойынша бүкіл халықтық референдум өткізуді ұсынды. Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында референдум туралы мәлімет мейлінше кең жарияланды. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының белсенді мүшелері референдум бойынша үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын. Қарапайым бұқараға түсінікті тілмен Ата заңға енгізілетін өзгерістер түсіндірілді. Біртұтас ел болып бірігіп, бірлесе отырып бүкілхалықтық сайлауға өз дауыстарын беріп, белсене қатыса білді. Бұл дегеніміз, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дами беретініміздің айқын дәлелі.

Бұл реформалардың барлығы ашық және бәсекеге қабілетті саяси жүйе қалыптастыруға жол ашады. Шын мәнінде, бүгінгі конституциялық өзгерістер жаңа Қазақстанды құқықтық, демократиялық, әділетті мемлекет ретінде құруға бағытталған алғышарт деп білемін.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының фракция мүшесі
Аширбаев Байкен Аширбайұлы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.