Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге «Сайрам» тұрғын алабында құрылысы аяқталған ауыз су жүйесін іске қосу шарасына қатысты. Бұған дейін елдімекеннің 19 мыңға жуық тұрғыны жазда ауыз су тапшылығын көріп келген болатын.

Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында нысан жазғы кезең басталмай тұрып пайдалануға берілді. Айта кетейік, бұған дейін абоненттер ауыз суды жекеменшік компаниядан кесте бойынша тұтынып келген.

Ал, бүгіннен бастап тұрғын алап халқы ауыз суға қосылуға өтінім бере алады. Алдағы уақытта “Құрсай” шағын ауданының тұрғындарын да толық тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығарылды

admin

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БИЫЛ КҮЗДЕ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУДІ ҰСЫНДЫ

admin

«AMANAT»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 429 ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

admin