Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

«Самғау сенім орталығы» КММ-не зерделеу жұмыстары

Бүгін Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» КММ-не зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Мобильдік топ құрамында: Шымкент қаласы «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жандосова Баян Айтбековна және Шымкент қаласы мәслихат депутаты Танатарова Жадыра Нағашыбайқызы.

Орталық 4 бағытта қызмет көрсетеді. Олар:

  1. Тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына тап болған, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету;
  2. Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
  3. Отбасыларды қолдау мақсатында психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңестер түріндегі кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру;

4.Террористік белсенділік аймақтарынан қайтып келген әйелдер мен кәмелетке толмағандарды дерадикаландыру және оңалту жөніндегі қызметті ұйымдастыру.

Негізгі мақсат – қиындыққа душар болған отбасыларға тығырықтан шығар жол көрсетіп, балаларға қауіпсіз жағдай жасау.

Қазіргі таңда қаламызда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болатын әйелдер саны да сейілер емес.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» КММ-і тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған арулармен нағыз мамандар жұмыс жасайды.

Сонымен қатар тұрғылықты жерінен айырылған жандарға орталықтың арнайы баспанасы жұмыс жасайды. Ол жерде қиын жағдайға тап болған азаматтар 6 айға дейін тегін тұрақтай алады. Қазіргі таңда 70 орынға негізделген орталықта 7 ана мен 16 бала тұрып жатыр.

Алдағы уақытта зерделеу жұмыстары жалғасын табады, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАСТАРДЫ МЕГАПОЛИСТІ ДАМЫТУҒА АТСАЛЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

admin

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

admin

admin