Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

«Тәуелсіздік туындысы – Астана» тақырыбында фото көрме ашылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен  «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара   өтті.

Жиын барысында «Тәуелсіздік туындысы – Астана» тақырыбында фото көрменің тұсауы кесілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айталғандай тарихи құндылықтарды жаңғыртып, дәріптеу бағытында  көрме экспозициясына музей қорынан 20-ға жуық фотосуреттер орналастырылды.

Музей басшысы Нұрболат Ахметжанов көрмеге  келген  қонақтарды «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап тарихтың құнды дүниелеріне айналған жәдігерлерді тамашалауға шақырды.

«Тәуелсіздік туындысы – Астана» тақырыбындағы фото көрмені  қала тұрғындары мен қонақтар көріп, ыстық ықыластарын білдірді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Аким города наградил призеров чемпионата РК по шахматам

admin

Шымкент қаласындағы барлық білім беру ұйымдары «Ashyq» жобасына қосылды.

admin

А.ҚОҢЫРОВ, Мәжіліс депутаты: Кейбiр өңiрлерде жағдай бұдан да қиын

admin