Жаңғақ ем болатын аурулар
* Кедр жаңғағы
Кедр жаңғағының қабығынан тұнба дайындап үйреніңіз. Сонда сіз бұлшық еттің ісінуінен, кеудеңіздің созылмалы ауруынан құтылып, иммунитетіңізді жоғарылатасыз. Ол үшін 1,5 стақан жаңғақ қабығына 0,5 литр шарап құйып,
10-12 күндей қараңғы жерде ұстаңыз. Дәмі өзгереді. Дайын болған соң 1 ас қасық тұнбаны 1 стақан қайнаған суға езіп, тамақ ішерден 20 минут бұрын тұтыныңыз. Бір ай ішсеңіз, бір ай үзіліс жасаңыз. Бұл курсты жылына 5 рет пайдалансаңыз, нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз.
* Грек жаңғағы
Грек жаңғағының күшімен қант диабетін емдеуге болады. Ол үшін бөтелке алып, оның 1/3 бөлігін грек жаңғағымен толтырып, үстіне су құйыңыз. Шамамен 2 аптадай ұстап, сүзгіден өткізіп, күніне 3 рет 1 ас қасықтан тамаққа 15 минут қалғанда ішіңіз. Бұл тұнба қалқанша безінің қабынуы мен сүйектеріңіздің сырқырап ауырған кезінде де көмектеседі.
* Жержаңғақ
Асқазан жарасы мен он екі елі ішекті емдеңіз. Бір уыс жержаңғақты алып, кофе ұнтақтағышқа салып ұнтақтап, қайнаған сумен араластырыңыз. Езбені күніне 2-3 рет 2-3 ас қасықтан тамақ ішерден 20 минут бұрын тұтыныңыз.
* Миндаль
Холестерин мөлшерін азайтып, ми қызметін жақсартасыз. Күніне бір уыс миндаль жесеңіз жеткілікті. Басыңыз ауырғанда, жүйкеңіз тозып, ұйқысыздыққа ұшырағанда күніне 50 грамм миндаль жаңғағын жеңіз.
* Пісте
Асқазаныңыз, тоқішегіңіз қабынып ауырған кезде пістені үккіштен өткізіп, күніне 3 рет тамақ ішер алдында 1 шай қасықтан тұтыныңыз.
* Кешью жаңғағы
Бұл жаңғақ түрі халық емінде де көп қолданылады. Оны көбіне астма, бронх демікпесі, қант диабеті секілді ауруларға қарсы пайдаланады. Кешью жаңғағының күніне 2-3-ін жеп тұрсаңыз да жетеді. Сонымен қатар жүрек-қан тамыр ауруларына да пайдалы.
* Бразилия жаңғағы
Көзіңіздің көру қабілетін жақсартқыңыз келсе, күніне 2 рет бір-біреуден жеп тұрыңыз. Тамақтанып жатқан кезде жей беруге болады. 2 апта тұтынып, 10 күн үзіліс жасап, кейін қайтадан бастаңыз.
*Естеріңізге сала кетейік, 3 жасқа толмаған балаға ешқандай жаңғақты беруге болмайды. Өйткені, олардың ағзасында бұл тағам түрін сіңіретін ферменттер жоқ.