ЖАСТАР РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫН

Референдумның өткізілуін жастар қолдайды және маңызды күнге олар дайын. Шымкент қалалық жол көлік колледжінде Еңбекші ауданының жастарымен кездесуге келген белсенділер осындай пікірде.

Басқосуда жалпы республикалық референдумды өткізудің маңыздылығы мен оған әзірлік барысы талқыға салынды.

Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова қатысты.

— «Дауыс берушілердің басым бөлігі жастар. Сондықтан, жастарға артар үмыт көп. Олар референдумның маңыздылығын түсінуі керек. Біз күткен Жаңа Қазақстанды құру жолында жұмыстарды іске асыратын жастар қажет»,-деді Фахриддин Әбдінәбиұлы.

Жастар маңызды шараның жауапкершілігін сезіне отырып, әлеуметтік зерделілік танытуға тиіс екенін жеткізді. Сондықтан, колледжге жиналған жастар референдум кезінде белсенділік көрсетеміз деп тарқады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.