Жастарға сайлауалды бағдарламалар кеңінен таныстырылды

Қаламызда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттерімен кездесумен жалғасты.

Оқу орнындағы жиынға ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері мен штаб мүшелері Бақтыбай Алипов, «Дарын» орталығының директоры Джеренова Раушан Омарханқызы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем кубогының иегері және бразилиялық Джиу-джитсудан екі дүркін Азия чемпионы Оспанов Арман Арипханұлы барды.

Штаб мүшелері ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында білім саласы мен жастарға арналған бағдарларын жан -жақты таныстырды. Сондай-ақ «Елімізде жастар саясатының тұжырымдамасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. «Жастар үшін» емес, «жастармен бірге» қағидаты негізге алынады. Қоғамдық кеңестерде арнайы жастар квотасы енгізілетіндігін, барлық студенттерге шәкіртақы мөлшері 2 есеге ұлғайтылатындығын жеткізді.

Жиын соңында сенімді өкілдер жастарды 20 қараша күні сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге шақырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.