ЖАСТАРМЕН ЖАРҚЫН ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ

Жастар – еліміздің болашағы деп жиі айтамыз. Бірақ оның бүгіні екенін біздің жастар дәлелдеп отыр. Жастар-өзгерістердің қозғалтқышы. 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы аясында өтті, биліктің өкілді органдарында жастар үшін жеке квота енгізілді. Осы және өзге де маңызды мәселелер Абай аудандық жастар ресурстық орталығында өткен кездесуде кеңінен сөз болды. Республикалық қоғамдық штаб мүшесі И.Хашимжанов, Қалалық қоғамдық штаб мүшелері Б.Әлтеев, Н.Бұхарбай, Г.Сарсенбаева, Д.Баширов, Р.Ашетаев ауданның жастарына үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарлмасын таныстырды.
«Мемлекет барлық жас азаматтардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау үшін жұмысты жалғастырады. Біз кем дегенде 2,3 миллион жасты жұмысқа орналастырамыз. Жастар саясатының тұжырымдамасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. «Жастар үшін» емес, «жастармен бірге» қағидаты негізге алынады. Қоғамдық кеңестерде арнайы жастар квотасы енгізіледі. Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен несие беріледі. Ал, ерекше қажеттіліктері бар жас кәсіпкерлерге қосымша гранттық көмек алады» Икрам Хашимжанов.
Өз кезегінде жастар қауымы санаулы күндерден соң өтетін сайлауға барып, Қасым-Жомарт Кемелұлын жақтап дауыс беретіндерін айтты. Себебі, олар мемлекет басшысының жастарға көңіл бөліп, білім алуына, кәсіппен шұғылдануы үшін бар жағдайды жасап жатқанына дән риза.

#Toqaev2022

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.