Жемісті шыбық

Бір бай кісі қарт адамның кішкене жеміс ағашының шыбығын отырғызып жатқанын көріп, оған:

– Атай, сіз ғой қартайдыңыз. Отырғызған ағашыңыздың жемісін көре алмайсыз, олай болса неге бейнеттеніп жатырсыз? – дейді. Қарт:

– Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де отырғызайық, жемісін кейінгілер жесін, – деп жауап береді. Бай кісі қарттың жауабына риза болып, оған бір бума ақша береді. Қарт:

– Көрдің бе, балам, бұл шыбықтың жемісін, міне, мен де көрдім, – деген екен.

                                                                                                                                                 «Өсиет әңгімелер».

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.