ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейтін кезекті жиын Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының мамандары арасында өтті.
Іс-шараға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, түрлі салалардағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әзірленген шараларға кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында Департаментпен қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге байланысты атқарылған жұмыстар таныстырылып, заңнамаға енгізілген жаңашылықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу мәселелері айтылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.