ЖҮЛДЕГЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Департамент басшысы Ғ.Сұлтанұлы мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан өткен ел біріншілігінде қола жүлде иеленген қызметшілерді қабылдап, арнайы марапаттады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 19-21 маусым аралығында  ҚР мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында Павлодар қаласында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен волейбол ойын түрінен 2-ші республикалық чемпионат өткен болатын.

Аталған турнирде Түркістан облысы алғаш рет қатысып, өз тобында СҚО, Ақмола және Алматы облыстарын тізе бүктірді. Ал, 1/8 финалда Атырау облысын, ширек финалда БҚО жеңіп, облымысыздың абыройын асқақтатты.  Тек жартылай финалда Түркістан облысы командасы ШҚО ойыншыларынан жеңіліс тауып, жүлделі ІІІ-орын үшін өткен ойында  Павлодар  облысының құрамасынан басым түсті.       

Шара соңында жүлдегер қызметшілер келер жылғы спорттық  додада бас жүлдемен оралуды алдарына мақсат етіп, биылғы біріншіліктің кіші кубогын Департамент басшысына салтанатты түрде табыстады.              

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.