Жұлдыз-жорамал

Тоқты

Апта басында әлдебір жобаңызды аяқтап, қаржылық қиындықтан құтыласыз. Бейсенбіде алыс жолға шықпаңыз. Мұрагерлік іспен айналысуыңыз мүмкін. Сенбі күні жаңа іс бастайсыз. Жексенбіде отбасымен демалғаныңыз дұрыс.

 

Торпақ

Дүйсенбі күні әлдебір өзгерістер күтіп тұр. Басқа қалаға қоныс аударуыңыз не жұмыс орнын ауыстыруыңыз мүмкін. Ішкілік пен дертіңізді жеңуге бар күшіңізді салмасаңыз, қиын болады. Ескі сезім иесі қайта оралуы ғажап емес.

 

Егіздер

Алыс жолға және туыстарға қатысты бір қиындықтар бар. Білім саласында да кедергілер болуы мүмкін. Апта бойы көп жол жүресіз. Достарға әзірге сенім артудың қажеті жоқ. Қауіпсіз болғыңыз келсе, үйден шықпай тұра тұрыңыз.

 

Шаян

Апта басында бейтаныс адамдардан келер қауіп бар. Сейсенбі күнгі демалыс күйзеліспен аяқталады. Туыстарға көмегіңіз қажет болады. Апта ортасында ақшамен ақша табасыз. Демалыс күндері жаңа, өте табысты бір іс бастайсыз.

 

Арыстан

Бұл аптада өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығы басты орында болмақ. Дүйсенбі күні жұмыста бір өзгеріс бар. Сейсенбі күні жоғалтқаныңызды табасыз. Бейсенбіде қуанышты хабар күтіңіз. Жұмада садақа бергеніңіз жөн.

 

Бикеш

Кездейсоқ таныстықтар қауіпті болуы мүмкін. Анықталмаған ақпаратқа да сенбеңіз. Дәрігерге жүгінуге тура келуі мүмкін. Апта бойы жалғыздықты қалайсыз. Жұма күні ақша аласыз. Демалыста ескі шаруаларды аяқтаңыз.

 

Таразы

Бұл аптада бақыт келіп, есігіңізді қағары анық. Жалғыздықтан құтылатын уақыт келді. Жүктілік күтіп тұр. Бірақ, бұл бәріне ұнай қоймайды. Сенбі күні ұзаққа созылған бір жоба сәтті аяқталады. Ертеңге деген үмітіңіз арта түспек.

 

Сарышаян

Апта бойы сыртта жүріп, көп жұмыс атқарасыз. Дүйсенбі күні алыстан келген адамдар маңызды болмақ. Отбасының қажетіне біраз шығындалу керек болады. Көптен ойда жүрген жоспарды іске асыруға мүмкіндік туады.

 

Мерген

Апта басында қосымша табыс көзін табасыз. Оқу не жұмыс істеу үшін басқа қалаға кетуіңіз мүмкін. Денсаулық мәселесі де біраз әбігерге салады. Сенбі күні мүлік мәселесі маңызды болмақ. Демалыста болашаққа жоспар құрасыз.

 

Тауешкі

Апта бойы жақсы ақша тауып, өз қажетіңізге жаратасыз. Тек сәрсенбі күні қолыңыз байлануы мүмкін. Бейсенбі күні әлдебір шараға барасыз. Жұма күні үйден шықпаңыз. Демалыста ешқандай тәуекелді істерге бармағаныңыз жөн.

 

Суқұйғыш

Апта басында жақындарыңызға көмектесуіңіз керек болады. Жұмыстан демалыс алғаныңыз дұрыс. Дүйсенбі күні несиенің көмегімен бір арманыңыз орындалады. Жұма күні жолға шығу қауіпті. Демалыста көппен араласыңыз.

 

Балық

Апта бойы адам көп жиналған жерлерге бармай-ақ қойыңыз, көңіліңіз қалуы мүмкін. Денсаулығыңыз көбірек көңіл бөлуді қажет етеді. Сәрсенбі, жұма күндері отбасында сабыр сақтаңыз. Демалыста от пен өрттен абай болыңыз.

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.