Жұлдыз жорамал
08.07. — 14.07.
Тоқты
Өміріңіздің барлық саласында мамыражай тіршілік орнайды. Тек жақын бір туысыңыздың денсаулығына күтім қажет. Алыс жолда жүргендерде әсерлі сәттер көп болмақ. Әмияныңызға мұқият болыңыз, ақшасыз қалу қаупі бар.
Торпақ
Жұмыста әріптестеріңіздің бі-рі әдейі аяқтан шалуы мүмкін. Дегенмен, жеке кәсібіңіздің аясын кеңейтуге қолайлы кезең. Әлдебір таныстық соңы ыстық сезімге ұласады. Некеге тұратындар да, сәбилі болатындар да аз болмайды.
Егiздер
Жаңа қызметке не басшылықтың марапатына ие болуыңыз мүмкін. Жеке өміріңізде ешқандай өзгеріс жоқ. Отбасылы жандардың жасырын кездесуден тыйылғаны жөн. Ал әлі жалғыз болсаңыз, өз тағдырыңыз тек өз қолыңызда.
Шаян
Күйзеліске түсу қаупі бар. Жеке өміріңіз қуантпайды, тапқан табыс көңілден шықпайды, достарыңыз да жүйкеге тие бастағандай. Ендеше, бәрін тастаңыз да, көңіліңіз қалаған жаққа кетіп қалыңыз. Демалыста бәрі қалпына келеді.
Арыстан
Болмашыға жүйкеңізді тоздырмаңыз, өсек-аяңға мән бермеңіз, қиялыңызға ерік бере бермеңіз. Жұмыстың бәрін ысырып, жағажайға аттаныңыз. Жаңа адамдармен та-нысыңыз, жаңа киім сатып алыңыз, келбетіңізді өзгертіңіз
Бикеш
Сізге қазір жалқаулық пен күйзеліс – үлкен жау. Тіпті жұмыстан босап қалу қаупі де бар. Дәрі-дәрмектен ақша үнемдемеңіз. Көлігіңізді бір тексеріп алғаныңыз жөн. Басқа біреулер үшін өз мүддеңізді құрбандыққа шалмаңыз.
Таразы
Бірқатар жағымды оқиғалар мен кездесулер күтіп тұр. Жалғызбасты жандар бақытын әлеуметтік желі арқылы табуы мүмкін. Жауапсыз махаббат иелері де дегеніне жетеді. Дәрігеріңіздің кеңестерін естен шығармауға тырысыңыз.
Сарышаян
Жұмбақ сәйкестік өміріңізге қуаныш әкеледі. Бір кездері ессіз ғашық болған адамыңыз қайта оралуы мүмкін. Үйге қымбат зат сатып алу мүмкіндігі бар. Әзірге ешбір бизнеске ақша салмаңыз. Демалысты қала сыртында өткізіңіз.
Мерген
Жылжымайтын мүлікке қатысты бір қиындықты шешуге тура келеді. Сәтті іске асырылған жоспар үлкен табыс әкелуі мүмкін. Ішкі сезіміңізді күштеп сөндірмеңіз. Бәлкім, күтпеген жерден арманыңыз ақиқатқа айналып қалар.
Тауешкi
Бұл аптада демалуға мүмкіндік бола қоймайды. Бұл еңбек демалысында және зейнеткерлікте жүргендерге де қатысты. Тұрмыстық шаруалар, жолсапарлар, той-томалақ аз болмайды. Сүйіктіңіз сізге ерекше қамқорлық көрсетуі мүмкін.
Суқұйғыш
Үлкен қиындықтар жоқ. Бар күшіңізді үйіңізді ұядай жылы етуге жұмсаңыз. Қаржылық жағдайыңыз бірқалыпты. Несиеге ештеңе сатып алмаңыз. Өзгелер үшін жауапкершілік алмаңыз. Демалыста табиғат аясына шығып, демалыңыз.
Балық
Бір себептерге байланысты әлдебір жоспарларыңызды іске асыра алмауыңыз мүмкін. Жақын күндері тамақтану тәртібін өзгертпеңіз, асқазанға салмақ түсу қаупі бар. Бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөліңіз. Кешке жаяу серуендеңіз.