Жұлдыз жорамал
29.04. — 05.05.
Тоқты
Кез-келген жағдайға бейімделуге тура келеді. Аздап қулықты пайдаланған да артық болмайды. Сәрсенбі күні жұмыста қатты шаршауыңыз мүмкін. Біраз шаруаны кейінге қалдырыңыз. Демалыста отбасылық мәселелерді шешесіз.
Торпақ
Бәрі сіздің айтқаныңызбен жүруге міндетті емес. Жеке қарым-қатынасыңыз ойдағыдай болмаса, бас тартыңыз. Бейсенбі мен жұмаға кездесу белгілемеңіз. Тиімді қосымша табыс көзін табасыз. Демалыста жолға шығуыңыз мүмкін.
Егiздер
Қызметте өсуі мүмкіндігі бар. Немесе жеке бизнесіңіз өрге басады. Сейсенбі күнгі іскерлік ұсынысқа келіскеніңіз жөн. Бейсенбі күнгі кез-келген кездесу сәтті болмақ. Сенбі күні біреу сізді пайдаланғысы келеді, оған жол бермеңіз.
Шаян
Сезімге ерік бере бермей, мінез көрсетіп қойған да артық болмайды. Әйтпесе көрінгеннің жетегінде кетесіз. Бұл аптада маңызды жұмыс бастамағаныңыз дұрыс. Жұма күні туыстармен кездесіп, дастархан басында көңіл көтеріңіз.
Арыстан
Бұл аптада отбасының шаруаларына көбірек көңіл бөліңіз. Бақшада жұмыс істеу жүйкеңізді тыныштандырады, әрі ләззат сыйлайды. Демалыс күндері өзіңізді ретке келтіріп, киім жаңартыңыз. Жақында өзгеріс болатын түрі бар.
Бикеш
Апта бойы еңсеңіз көтеріле қоймайды. Кез-келгенге өкпе артып, көңілге жақын қабылдай беру сізді дертті ететінін ұмытпаңыз. Өзіңізге ұнамайтын нәрседен бас тартыңыз, достармен кездесіп, жаңа адамдармен танысыңыз.
Таразы
Сенген адамыңыз үмітіңізді ақтамауы мүмкін. Бәрін өзіңіз жасауға тура келеді. Өзіңізге демалыс жариялап, біраз уақытқа басқа жаққа кетсеңіз дұрыс болар еді. Ерекше жағдайдағы таныстық ыстық сезімге ұласуы ғажап емес.
Сарышаян
Апта бойы беделіңіз биікте болады. Жаңа байланыс орнатуға қолайлы кезең. Сейсенбіде туыстарға қатысты шұғыл шаруа туындайды. Жолға шығуыңыз да мүмкін. Қаражат жағы қиындау. Қарыздарыңызды қайтаруға тура келеді.
Мергендер
Жоспарларыңызға едәуір ықпал ететін жағдайларға тап боласыз. Іссапарды кейінге қалдыруға тура келеді. Ескі таныстардан көмек күтіңіз. Күтпеген жерден қомақты ақша түсуі мүмкін. Туыстардың талабынан бас тартыңыз.
Тауешкі
Жұмыстағы маңызды шаруаны аяқтап, қомақты сыйақы аласыз. Үйіңізден қонақ үзілмейді, қызықты кездесулер де аз болмайды. Жұмада романтикалық кездесуге дайындалыңыз. Апта аяғында бір маңызды шешім қабылдайсыз.
Суқұйғыш
Жаныңызға тиіп жүрген адам болса, батылдық танытып, онымен араңызды үзіңіз. Сәрсенбі мен бейсенбі – үлкен өзгерістер жасауға қолайлы күндер. Апта аяғында бар жұмысты кейінге ысырып, толыққанды демалғаныңыз жөн.
Балық
Бұл аптада көптен жоспарлап жүрген жұмысыңызды бастап кеткеніңіз дұрыс. Бұрын ақша жетпей жүрсе, енді ол да табылады. Баспана мәселесі де жақсы шешіледі. Сенбі күні ешқайда кешікпеуге тырысыңыз, бұл сіз үшін маңызды.