Жұлдыз жорамал

Тоқты
Бар күшіңіз бен уақытыңызды жос­пары­ңызды орындауға жұмса­ңы­з. Ұятты қойып, өзгелерден көмек сұра­­ңыз. Жеке өміріңізде жаңалық жоқ. Жоспардан тыс шығындар бол­у­ы мүмкін. Қиындықтарға қарсы тұру­­ға қуатыңыз жетеді.
Торпақ
Ақшаның жетіспеуі өмірге түңі­ле қарауға әкеліп соғуы мүмкін. Сей­сен­­біде бұл жағдайды өзгертуге мүм­­кіндік бар. Сәрсенбі күні жақсы қарым-қатынас орнатасыз. Бақшада жұм­ыс істеңіз. Демалыста қуанышты жаңа­­лық күтіп тұр.
Егiздер
Отбасымен көбірек уақыт өткізі­ңіз. Адамдарға көмектесіңіз, еселеп қай­тады. Қиялдан арылып, ескі іскер­лік серіктестермен байланыс орна­ты­ңыз. Жұма күні ақша түсуі мүм­кін. Демалыста ештеңе істемей, жай жатуға болады.
Шаян
Көптен армандап жүрген іспен айна­лы­сып, апта бойы көтеріңкі көңіл-күйде жүресіз. Сәрсенбі күні жұмыста қосымша міндеттер жүк­телуі мүмкін. Бірден бас тартыңыз. Жұма­да күтпеген жерден достармен кезде­сіп, көңіл көтересіз.
Арыстан
Жеке өміріңізде өзгерістер күтіп тұр. Ескі қатынастар аяқта­ла­­ды, бұған түк те өкінбейсіз. Апта орта­сын­да кездесуден бас тарт­паңыз. Іскер­лік ұсыныстар да жақсы табыс әкеледі. Ата-анаңыздан хабар алы­ңыз, оларға көмегіңіз қажет.
Бикеш
Көмек сұрағандардың бәріне келісе бермеңіз, бұл өміріңізге қиын­дық әкелуі мүмкін. Оған туыста­ры­ңыз не бастығыңыз себеп болмақ. Әсіресе сейсенбі күні даудан қашып құтыла алмайсыз. Сенбі күні қомақ­ты зат сатып аласыз.
Таразы
Жұмыста артық жүктеме қатты шаршатуы мүмкін. Жұмыстан босау қаупі де бар. Қаржылық қиын­дық­тарға да дайын болыңыз. Бей­сен­бі күнгі іскерлік ұсыныстан бас тарт­паңыз. Демалыста жеке өміріңіз қуаныш­қа толы болмақ.
Сарышаян
Қуатыңызды сорып жүрген жағым­­сыз бір адамнан құтылып, өмір­­ге жаңа келгендей боласыз. Енді көңі­ліңіз қалаған іспен айналысып, өзі­ңізді күтуге мүмкіндігіңіз бар. Дос­тармен кездесіп, көңіл көтеріңіз. Фит­неске барыңыз.
Мерген
Бір қарағанда қиын көрінген кез-келген шаруаны оп-оңай еңсересіз. Керемет қолдаушы табасыз. Жеке бизне­сіңізді ашуыңызға да болады. Ескі қарызыңыз қайтады. Мүмкін болса, өзіңізге қамқорлық жасай ала­тын адамды таңдаңыз.
Тауешкi
Ірі жобаны аяқтайсыз. Енді де­ма­­луға болады. Басқа жаққа барып келсеңіз тіпті жақсы. Ұсы­нылған қыз­мет сіз ойлағандай онша тиімді емес. Сондықтан, ойланыңыз. Қым­бат затты сатып алмас бұрын кеңес­ші­нің көмегіне жүгініңіз.                                                                                                                                    Суқұйғыш
Қауіпті сапарға шықпағаныңыз дұр­ыс, тіпті жай ғана көліктің рөлі­не отыру да қауіпті болуы мүм­кін. Әл­дебір жайлар сізді қатты алаң­датады. Қомақты ақша жоғал­туы­ңыз ықтимал. Жексенбі күні роман­тика­лық кездесу күтіп тұр.
Балық
Ештеңеге көп бас қатырмай, бір­ден мәселені шешіп тастайтын қа­сие­­тіңіздің арқасында біраз табысқа жетесіз. Сәрсенбіде әріптес­теріңіз аяқ­тан шалуы мүмкін. Дема­лыс күн­дері достарыңызбен ортақ істі тал­қылау мүмкіндігі бар.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.